23.04.2018, 17:32
Смартфонның қуатын қалай үнемдеуге болады?
Белсенді түрде пайдаланған кезде барлық смартфондардың қуаты 1,5 тәуліктен аспайды. Үнемдеу қабілеті олардың қандай платформада екендеріне де байланысты емес (iOS, Android, Windows Phone). Әсіресе, үлкен дисплейдегі гаджеттер (Galaxy Note, HTC Titan т.б.) мен 2 SIM-карта пайдаланатын Android смартфондарының аккумуляторлары жылдам істен шығып қалады. Дегенмен де батареяның қуат тиімділігін де бағындыруға болады. Қажет уақытында байланыссыз қалмау үшін не істеу керек?
3G қолданудан бас тартыңыз. Аса қауырт жұмыс кезінде сізге жылдам интернет қажет болмаса, оны мүлдем өшіріп тастаған дұрыс. Бұл- батареяны жақсы үнемдейді. Wi-Fi-ға қосылған жағдайда да 3G мен LTE-ні ажыратып тастау қажет. Интернет дұрыс тартпайтын жерде сіздің смартфоныңыз үнемі ғаламтор көзін іздеумен болады яғни батареяға да қосымша жүк түседі. Қажет болмаса Bluetooth-ді де өшііріп қоюды әдетке айналдырыңыз.
Тек ең қажет деген қызметтер мен қосымшаларды (приложение) қалдырыңыз. Почта жәшігі мен бірнеше әлеуметтік желілер қатар қосулы тұрса, гаджетіңіз үнемі жаңа ескертпелер (уведомление) мен хабарламаларды тексеріп, экранға шығарып отырады. Аз болса да бұл да энергияны шығындайды. Кейбір қосымшаларды өшіру арқылы батареяңызды ақпаратты жаңарту, хабарламаларды тексеру, дыбыс шығару тәрізді артық «салмақтардан» арылтып отырасыз.
Экран жарығын азайту. Смартфонның нағыз энергия «жұтатын» бөлігі-дисплейі. Бұл параметрді 100-ден 70%-ға дейін азайту батареяңызды ұзаққа үнемдейді әрі экраннан ақпаратты қабылдауға да еш кедергісін келтірмейді. Дисплейді автоматты түрде бұру функциясын өшіру арқылы да қуат үнемделеді.
Сматрфонды температураның күрт құбылуынан сақтаңыз. Температура тым жоғары жерде аккумуляторға зақым келу жиілігі жоғары, батарея да жылдам отыратын болады. Аяздан да абай болыңыз, суық ауа смартфоныңызға негативті ықпал етеді.
GPS қажет емес! Көптеген бағдарламаларда сіздің қай жерде екендігіңізді анықтайтын GPS модулін қолданады. Дәл қазіргі кезде карта немесе навигация бағдарламасын пайдаланбайтын болсаңыз, бұл қызметсіз де жүруге болады. Есесіне, аккумуляторыңыз сізге «алғыс» айтатын болады.
Экрандағы анимацияланған түсқағаздарды (анимированные обои) пайдаланбаңыз. Тамшылап тұрған жаңбыр немесе құбылмалы кемпірқосақ смартфоныңызға сән бергенмен, батареяңызды «кеміре» береді. Нағыз қысылтаяң кезде «байланыстан тыс бір жерде» қалғыңыз келмесе, қарапайым түсқағаздарды қалдыруға кеңес береміз.
Вибрация-ны өшіріңіз. Иә, қарапайым мелодияға қарағанда оның өзі де аз емес қуатты құртады.
Гаджетіңізді қажетсіз қосып-өшіре бермеңіз. Қайта қосу (перезагрузка??) – энергияны пайдалану кезінде шығын түсіретін процес.
Смартфонды дұрыс зарядтап ? үйреніңіз! Толығымен пайдаланып, қайта қуатқа қоссаңыз, аккумуляторыңызды күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүрлейсіз. Оңтайлысы, смартфонды батарея 20-40% кезінде қуат көзіне қосу қажет.
Батареяны үнемдейтін арнайы бағдарламалар пайдаланыңыз! Андроидты смартфондар үшін энергияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалар жетерлік. Олар арқылы құрылғының жұмыс уақытын 20-30 пайызға дейін ұзартуға болады.
Тегтер:
Пікір жазу