Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА), жаңа мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті. Портал Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ тарапынан жасалған.
Интернет-ресурс www.assembly.kz негізінде жасалып, жаңа заманауи платформаға қосылып, мемлекетіміздің ресми сайттарымен байланыстырылған. Ол Ассамблеяның ресми веб-ресурсы маңызын сақтап қалған. Сонымен қатар, сайттың негізгі тараптары жаңаланып, замануи стандарттарға сәйкестендірілген.
Порталмен «3 скрол - 3 басу» арқылы жұмыс жасау мүмкіндігі ашылған, бұл әдіс порталды қолдануды едәуір қолайландырады.
Сонымен қатар сайтта көптеген медиа-жобалар, виртуалды саяхат, интерактивті инфографика тағы басқалар жинақталатын болады. Көптеген этномәдени орталықтардың сұранымы мен кеңесулердің нәтижесінде Министрлік порталда әр этномәдени орталық үшін арнайы бөлім ашты, әр орталық өздерінің жаңалықтарын, тарихы, салт-дәстүрі, музыкасы және басқа да ақпараттарын өз бетінше жариялауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, онлайн-трансляция мүмкіндігі де қарастырылған, ол өз кезегінде еліміздің барлық аумақтарныан тікелей қосылым жасап, ҚХА іс-шараларын онлайн түрде көрсетуге, Бейбітшілік және келісім сарайының ішінде, аумақтардағы Достық үйлерінің ішінде және Қазақстанның қасиетті жерлеріне 3D-саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сайтқа Қазақстан халқының мультимедиялық картасы да қосылған.
Таныстырылым барысында жиынға қатысушылар Батыс-Қазақстан облысының тұрғындарымен виеоконференцбайланыс арқылы көрісуге мүмкіндік алды.
Портал жұмысын «Қазконтент» АҚ, Ассамблея хатшылығы мен филиалдары және «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесе отырып қамтамасыз ететін болады.