«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды
17.12.2017, 08:49

«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақ күресінен Алматыдағы «Алматы Арена» спорт сарайында өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде «Қазақстан 1»  құрамасы бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалда «Қазақстан 1» құрамасы мен Алматы облысынан құралған «Қазақстан 2» командалары арасындағы аса тартысты өткен белдесу «Қазақстан 1» жеңісімен аяқталды. Осыған дейін атап өткеніміздей өзбек балуандары жартылай финалда Жапония балуандарын 6:2 есебімен ұтып, үшінші орынға ие болды. Жалпы, «Еуразия Барысы» турниріне Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстаннан бір-бірден құрама командалар қатысса, қазақстан екі команда қатысты. Бұлардың арасында Бразилия, Жапония, Камерун командалары қазақ күресінен «Еуразия Барысы» турниріне тұңғыш рет қатысып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Сонымен бірінші орын алған «Қазақстан-1» командасы 10 миллион теңгеге, екінші орын алған «Қазақстан-2» құрамасы алты миллион теңгеге және үшінші орын иеленген Өзбекстан комансына төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер