Қазақстан бірден 4-ші орынға сырғыды
08.09.2016, 09:34

Қазақстан бірден 4-ші орынға сырғыды

Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының 7 қыркүйектегі жарыс қорытындысы бойынша қазақ елі 28 жүлдемен (8 алтын, 9 күміс, 11 қола) жалпыкомандалық есепте 4-орынға сырғыды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгінде балуандарымыз өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Олар алыш күресінен 6 жүлдені қоржынға салды. Алыш күресінің еркін түрінен алтын медальды Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Ерсұлтан Мұзапаров (80 келі) жеңіп алды. Ал Дидар Сәтбаев (60 келі) пен Сабира Мырзағалиева (65 келі) күмісті еншілесе, қола жүлде Мереке Құдайбергеноваға (70 келі) және Гүлнәр Амантаева (75 келі) мен Алдос Құлманбетовқа бұйырды (90 келі). Сонымен қатар, аударыспақтан (эр эңиш) ел намысын қорғаған спортшыларымыз 2 алтын мен 1 қола жүлдені жеңіп алды. Алдымен 70 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ерназар Байғонов қырғыз спортшысы Бузурманкулұлы Қалыбектен жеңіліп қалды. Осылайша, жерлесіміз күміс медальды қанағат тұтты. Ал қола жүлде қытайлық Акат Дуйшонға бұйырды. 90 келі салмақта аударыспақтан ел намысын қорғаған қазақ спортшысы Сырым Ізбасаров финалда қырғыз Маратбек Алтымышевпен кездесті. Қос қарсылас арасында өткен тартысты бәсекеде жерлесіміз жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Қырғыз спортшысы күміс алды. Қола жүлде Қытай аударыспақшысы Башан Мухбилинің еншісінде. Сайысқа соңғы болып 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін қазақ спортшысы Біржан Қосалиев шықты. Ол ақтық сайыста қырғыз аударыспақшысы Қанатбек Алпановпен күресті. Нәтижесінде, Біржан қарсыласынан басым түсті. Осылайша, жерлесіміз қоржынға алтын жүлдені салды. Ал қола жүлде ауғанстандық Ташқұрғани Гүлбодинға бұйырды. Сонымен қатар қазақ елі тоғызқұмалақтан командалық есепте ерлер және арасында өткен сайыста алтын жүлдеге ие болды. Осы спорт түрінен жекелей сында еліміз бір алтын (Әсел Далиева) және екі қола жүлдені (Нұрбек Кабиев, Диана Кенина) еншіледі,  ал түріктің манкала жарысында командалық есепте қазақ спортшылары (әйелдер және ерлер арасында өткізілген) күміс жүлдені иеленсе, жеке сайыста қола медальды (Әсель Далиева) қанағат тұтты.

 

 

Бұл күнгі жарыста 16 алтын, 16 күміс, 17 қоланы жеңіп алып, жалпы 49 медальмен Қырғызстан жалпыкомандалық есепте жеке дара көш бастады. Ал Ресей құрамасы екінші орынға төмендеді. Олардың қоржынында 11 алтын, 7 күміс, 11 қола, жалпы 29 медаль бар. Үздік үштікке 9 алтын, 5 қола жүлдемен Түрікменстан кірді. Ал Қазақсан екі орынға төмен сырғып, төртінші орынға тұрақтады. Еліміздің қоржынында 8 алтын, 9 күміс, 11 қола, жалпы 28 жүлде бар.

Айта кетейік, ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8 қыркүйек күні аяқталады.


 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер