«Әуел бастан, қысқы Универсиада бойтұмары ретінде сұңқар құсы таңдалған болатын. Алайда, бастапқы үлгілер көңілден шықпаған соң, жаңа үлгісін жасап шығаруды ұйғардық. Бұл «Сұңқардың» біз жасаған үшінші үлгісі. Осы жолы оның басына қазақтың ойын-өрнегі бар малақай кигіздік», - деді Универсиада-2017 дирекциясының басшысы Наиль Нұров.
Еске салып кетсек, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарыс барысында 12 спорт түрінен 86 жүлделер топтамасы сарапқа салынады. Бүгінгі күні 58 мемлекет қатысу өтінімдерін жолдап, 3 393 қатысушы аккредитациядан өтті. Универсиадаға арнап салынып жатқан жаңа объектілердің дайындығы 90% жоғары құрайды.