Андраде Головкинге Альварестің орнына қарсылас болғысы келетінін айтты
27.03.2018, 12:57

Андраде Головкинге Альварестің орнына қарсылас болғысы келетінін айтты

Алғашқы орта салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион, жеңіліп көрмеген америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг тесттен өте алмай қалған жағдайда қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсылас болуға дайын екенін білдірді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады. Андраденің сөзінше ол 5 мамырда "Канелоны" алмастырып, кез келген допинг сынақтан өтуге дайын. "5 мамырда Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын. Мен әрдайым жаттығамын, тап қазір VADA тестін тапсыра бастаймын және одан өтетінінме кепіл беремін. Мұндайды барлық боксшылар айта алмайды. Мен жеңілген емеспін, әлемнің екі дүркін чемпионымын. Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейтін уақыт артта қалды. Ешкім қарсы келгісі келмейтін жігіт, мен әзірмін. Менің кім және қолымнан не келетінін кез келген біледі. Американың орта салмақтағы ең мықты боксшысы және әлемнің үштігіндемін. Менімен жекпе-жек қызықты емес дейтіндерден сұрағым келеді. Маррей, Адама, Гил, Монро және Росадо жекпе-жектері кімге қызық болды? Үздіктердің ешбірі менімен жұдырықтасқысы келмейді. Сондықтан 5 мамырда "Канело" шаршы алаңға шыға алмаса, Головкинмен чемпиондық атаққа таласқым келеді", - деп келтіреді Андраде сөзін BoxingScene.com. Айта кетейік, былтыр қазанда Андраде орта салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша Алантеза Фоксты жеңген. Дегенмен "Канелоны" ауыстыруға дайын екенін Деметриустан бөлек WBC чемпионы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) да айтқан. Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да,  Головкин 5-ші мамырда шаршы алаңға шығатынын мəлімдеген болатын.


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер