Ойынның 15-минутында қатты соққыдан ұшқан доп Бобанның кеудесіне тиген. «Марсония» ойыншысы осыдан кейін құлап түсіп, оның маңында қалған футболшылар барған. Алғашқы көмекті оған клуб дәрігері көрсеткен, кейін жедел жәрдем келіпті, алайда олардың қанша күш салғанына қарамастан, 25 жастағы жартылай қорғаушыны аман алып қала алмады. Өлімнің нақты себебі айтылмайды.
Басылымның мәліметінше, Бобан «Загреб», «Славония» клубтарында өнер көрсетіп танылған. Қазіргі маусымда жартылай қорғаушының есебінде 12 соғылған доп бар.