1. Допты ойнату техникасын арттыратын бірнеше ойын жаттығулары белгілі. Олар «Шекіме», кедергілермен немесе қарапайым түрде доппен жүгіру, «шаршы» және «жоғарыға тебу».
2.Шекіме жаттығуы дегеніміз — допты жерге түсірмей бірнеше рет тебу жаттығуы. Бұл жаттығуға күн сайын 15 минут бөлу керек, негізі 30 минут жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Жаттығу кезінде бір орында тұрмаңыз. Аяғыңызды кезекпен алмастырып немесе тізеңізді пайдаланып допты жерге түсірмей теуіп үйреніңіз.
3. Доппен жүгіруде техниканы арттыруға көмектеседі: сіз қозғалыс кезінде допты басқаруды және жүгіру кезінде доппен бірге болуды үйренесіз. Күн сайын осындай әдіспен 1 шақырым жүгіріңіз. Жүгіру кезінде баяулатып немесе тез жүгіріп дайындалу керек. Жоғарғы жылдамдықта доппен бірге жүгіруді үйренгеннен кейін, алдап үйренгеніңіз жөн.
4. Кедергімен жүгіру әрбір кәсіби футболшыға таныс: алаңға қарсылас команда есебінде әртүрлі кедергілер, яғни белгілер қойылады. Міндет сол кедергілерді жанап кетпей жүгіріп өту.
Алдымен аз жылдамдықта дайындалып көріңіз, артынан шеберлігіңіз артқаннан кейін жоғарғы жылдамдықта дайындала аласыз.
5. Шаршы — бұл бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан төрт ойыншының өзара жаттығу ойыны. Шаршының негізгі талабы — төрт ойыншының 1 рет допты тебу арқылы жанындағы ойыншыға допты дәл беру. Бұл жаттығу қысқа қашықтықта допты дәл беруге және допты допты қабылдау техникасына үйретеді.
6. Футболшылардың қолданатын тағы бір жаттығуы "жоғарыға тебу". Бұл жаттығудың негізгі талабы — бір-бірінен қашықта орналасқан екі ойыншы допты жерге түсірмей жоғарымен бір-біріне дәл беру.
©kenester.kz