«Уррааа!!! Жана ғана Геннадий хабарласып, 5 мамыр күні өтетін айқастың өтетін жері Лас-Вегас болып белгіленгенін айтты», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасына ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев.
Еске салайық, WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес қарымта жекпе-жектерін 2018 жылдың 5 мамыры күні өткізеді.
Өткен жылдың 16 қыркүйегі күні өткен қос боксшының алғашқы кездесуі төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Сол уақыттан бастап GGG мен «Канелоның» командалары реванш туралы келіссөздерге кірісті.
Күтіліп отырғандай, екінші айқастың жеңімпазы WBO нұсқасы бойынша Билли Джо Сондерспен кездесіп, орта салмақтағы абсолютті чемпион атағын иелену мүмкіндігін алады.