Қазақстан Еуропада бокс турнирінде бірінші орын алды
12.02.2018, 13:47

Қазақстан Еуропада бокс турнирінде бірінші орын алды

Еуропадағы ең ежелгі турнирлердің бірінде биылғы жылы 23 елден 158 боксшы қатысты. Қазақстанның бокс командасы Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Боскай атындағы 62-ші халықаралық турнирде жалпыкомандалық бірінші орын иеленіп, үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Ақтық сында Ілияс Сүлейменов (56 килограмм) чех Мирослав Горолді жеңді. Ересектер санатына өткен жастар арасындағы Азия чемпионы Саматәлі Толтаев (64 килограмм) Моңғолияның ең үздік боксшыларының бірі тәжірибелі Чинзориг Баатарсуктен басым түсті. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Асланбек Шымбергенов (69 килограмм) ақтық сында шаршы алаң иесі Андрас Вадашпен өткен жекпе-жекте қарсыласын тізе бүктірді.  

Жарыста күміс алқаны Айболды Дәуренұлы (+91 килограмм), ал қола алқаны Абай Төлеш (75 килограмм) алды. 

©sputniknews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер