Бораттың костюмін киіп Головкинді жекпе-жекке шақырған ирландиялық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды
08.01.2018, 13:15

Бораттың костюмін киіп Головкинді жекпе-жекке шақырған ирландиялық боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс келесі жекпе-жегін Barclays Center аренасында (Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ) 28 сәуір күні өткізеді.

Оны кабельдік НВО телеарансы трансляциялайды, - деп хабарлайды Vesti.kz  vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

Джейкобстың промоутері Эдди Хирн жекпе-жекке ирландиялық слаггер Гэри О'Салливанмен келісуге тырысып жатыр.

Хирннің промоутерлік компаниясы Matchroom Boxing Джейкобсқа келесі қарсыласты анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамада ирландиялық сақалды боксшы жеңіске жетті.

О'Салливан желтоқсанда америкалық Антуан Дагласты жеңіп, өзін баршаға танытты. О'Салливан - Даглас жекпе-жегі Билли Джо Сондерс - Давид Лемье кездесуінде андеркардта өтті.

Порталдың мәліметінще, Дэниэл Джейкобс 2017 жылы екі жекпе-жек өткізген. Головкинмен кездесуінде жеңіліп, Луис Ариасты жеңді.

О'Салливан 2016 жылы мамырда командасымен қосылып Бораттың костюмін киіп, Головкинді жұдырықтасуға шақырды.

Дерексөз: Vesti.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер