25.11.2017, 17:23
Қарағандыда бокстан Серік Сәпиев атындағы республикалық турнир өтті
Қарағанды қаласында Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің сыйлығына жасөспірімдер арасында алтыншы республикалық турнир өтті.
Додаға биыл 192 жас боксшы қатысты. Ұйымдастырушылар аталмыш турнирге қатысушылар саны жылдан жылға артып отырғанын мәлім етті. Үш күнге созылған сайыстың жеңімпаздары таяуда Тараз қаласында өтетін аймақтық чемпионатқа жолдама алады.
"Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атындағы турнирге көптеген жасөспірімдер қатысуға тырысады. Былғары қолғап шеберінің турнирі жастарды ынталандырады. Сондықтан жылдан жылға қатысушылардың саны да артып отыр. Турнир ұйымдастырушылары келесі жылы шетел боксшыларын шақыруды жоспарлап отыр" деп атап өтті турнирдің бас төрешісі Қайрат Ғалымтаев.
Дереккөз: kfb.kz
Пікір жазу
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13