Показать содержимое по тегу: РАхметов
Тарихшылар ортасында казактарға қатысты әлі күнге ортақ көзқарас жоқ. Әсіресе, олардың шығу тегіне қатысты дау-шарлар, өркениеттік рөлі мен тарихи үдерістерге әсері көптеген саяси спекуляциялардың көзі болып отыр. Мысалы, осы тақырыпқа жетік деп есептелетін Н.Костомаров «Литвалық жылнамаларға» иек артса, А.Ишимова казак тегін касогтармен, ал А.Нечволодов мәскеулік негізбен байланыстырады. Бұл таласқа Лев Толстойдың өзі дем берген бродниктік болжамды қосатындар да бар. Яғни, бірі – орыс рухы тудырған төл құбылыс ретінде атаса, енді бірі – Ұлы дала перзенттері ретінде нышаналайды. Үшінші біреулері метистенген, екі нәсілдің рухани-гендік араласуынан туған маргинал топ ретінде суреттейді.