Показать содержимое по тегу: ҒБейсембаев
Жуырда «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Бас редакторлар клубы арасында меморандумға қол қойылды. Құжат оқулық сапасын жақсартуға бұқаралық ақпарат құралдарының да атсалысуын көздейді. Жалпы, оқулық жазу, оны баспадан шығару қай кезде де, қай елде де өзекті. Кез келген бала үшін білім бастауы – «Әліппе». Алайда «Әліппесіз» әріп таныған бір буын өсіп жатыр қазір. Бұл – ұрпақтың жан жарасы, қоғамның үлкен қателігі. Дегенмен, келер жылдан бастап жоғалтқанымыздың орнын қайтадан толтыруымыз мүмкін? «Әліппе» мен «Ана тілі» қайтадан мектеп бағдарламасына еніп, оқушыға оралатын болды. Бұл туралы осы орталықтың басшысы бізге берген сұхбатында жан-жақты айтып берді.