Ердоған босқындарға Еуропа Одағы шекарасын ашып бермекші
25.11.2016, 15:28

Ердоған босқындарға Еуропа Одағы шекарасын ашып бермекші

Еуропа Одағы Анкараға қарсы саясатын жалғастыратын болса, Түркия босқындарға ЕО шекарасын ашып береді деп мәлімдеді Түркия президенті Тайип Ердоған. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

Еуропарламент бейсенбі күні Страсбург қаласында өткен пленарлық отырыста Түркияның қауымдастыққа кіруі туралы келіссөздерді түрік билігінің іс-әрекетіне байланысты тоқтатуға шақыратын резолюцияны қабылдады, бұл Анкара тарапынан қатты наразылық туғызды. Түркия премьері Бинали Йылдырымның сөзіне сүйенсек, бұл құжаттың оның елі үшін ешқандай заңды күші жоқ. "Шешім қабылдапты: Түкрия ЕО кіруі тиіс пе, жоқ па? 30-40 адам жиналып "жоқ" деді. Сіздер адамзатқа қатысты ешқашан әділеттілік танытқан емессіздер. Біз үш миллион босқынға пана болып отырсақ, сіздер шекарадан өткісі келген 50 мың адамға бола шу шығардыңыздар. Бұлай жалғаса берсе, шекаралық пунктілердің бәрін ашамыз", — деді Ердоған Стамбулдағы "Әйел және демократия" конференциясымен кездесу барысында.


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер