Вашингтон тұрғыны Абид Риаз Курешиді Ақүй Колумбия аймақтық федералды соты қызметіне ұсынған.
«Мен Құрама штаттың федералды соты қызметіне Курешиді ұсынғаныма қуаныштымын. Ол америка халқына заң аясында адал қызмет ететініне сенемін» деп мәлімдеді Обама.
Куреши Latham & Watkins LLP заңгерлік фирмасында жұмыс істейді. 1997 жылы Гарвард университеті Құқық мектебін бітірген. Ақ үй тарапынан қолдау тапқан оның жаңа кандидатурасы толықтай мақұлданып, бекітіледі.