"Тілеухан Бекболат Қанайұлы өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Конституция бабына сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берілуіне байланысты ұсыныс енгізіледі", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов. Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына дауыс берді.
Ол қызметтен неге кеткенін түсіндірді. "Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес", - дейді ол.