Өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді
15.04.2021ж.

Өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді

2021 жылдың 15 сәуірінде филиал төрағасы, елорда әкімі А.С. Көлгіновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы Нұр-сұлтан  қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Іс-шара эпидемиологиялық жағдайға байланысты  онлайн форматта өткізілді.

Күн тәртібінің бірінші мәселесінде  бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиналыстарын, өңірлік және аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Филиалдың сайланбалы органдары (Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, бақылау комиссиялары) мен БПҰ төрағаларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты  19 сәуір мен 14 мамыр аралығында партиялық жиналыстар мен конференциялар өткізіледі.

Қазіргі таңда партия филиалының қатарында 306 БПҰ,  оның құрамында 37 мыңнан астам партия мүшесі бар.

Күн тәртібінің екінші мәселесінде  «Nur Otan» партиясы     Нұр-Сұлтан қалалық филиалының  2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған 11 қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Кеңес төрағалары депутаттар – елорда мәслихатындағы партия фракциясының мүшелері және қоғамдық  көшбасшылар.

Филиал басшысы Қоғамдық кеңестерге партияның өңірлік  сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды тапсырды, оның ішінде қаланы дамытудың 13 негізгі басым бағыттары кірді. Бағыттардың    басым бөлігі қолжетімді тұрғын үйлер, оқу орындар, медициналық орталықтар құрылыстарын жүргізу,  газдандыру  жұмыстары жүргізу, шет аймақтарды дамыту, жол-инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті қолдау және т. б.

Отырыс соңында филиал төрағасы барлық қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор денсаулық және табысты жұмыс тіледі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер