Ақпарат көзінің дерегінше, олардың қатарында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок бар. Ал сессия модераторы «Пулитцер» сыйлығының иегері, «Нью-Йорк Таймс» газетінің колумнисті Николас Кристоф болмақ. Сондай-ақ, шара барысында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, «New Day Strategy» компаниясының басшысы, саяси стратег Роджер Фиск, журналист, саясаткер, құқық қорғаушы Андрей Бузаров, Zaborona.com жобасының негізін қалаушы, тележурналист Катерина Сергацкова, «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф Омар сынды саясаткерлер мен журналистер сөз сөйлейтін болады.
Онда заманауи журналистиканың өзекті мәселелері талқыланады.