Өткен төрт жылда Путин «көшбасшы» деген категорияда болған. Ол жерге әлемге танымал саясатшылар мен бизнесмендер енеді. Ал 2018 жылы жарияланған рейтингте Путин тіпті «әртіс» , «кумир» деген категориялардан да табылмады.
Ал 2018 жылғы Time журналының рейтингінде АҚШ президенті Дональд Трамп, Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын, Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинь, арнайы прокурор, Ресейдің Америкадағы сайлауға қатысы бар-жоғын зерттеген Роберт Мюллер, британиялық ханзада Гарри және оның қалыңдығы Меган Маркл, Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мохаммед бар.
Айта кетейік, 2007 жылы халықаралық Time журналы Путинді жыл адамы деп атаған болатын.