Түркіменстанда отызға толмаған ерлерді шетелге жіберуге тыйым салынды
17.04.2018, 18:46

Түркіменстанда отызға толмаған ерлерді шетелге жіберуге тыйым салынды

Түркіменстанда енді жасы отызға толмаған ер азаматтар шетелге шыға алмайды деп хабарлады Дашогус облысындағы миграция қызметінің өкілі Азаттықтың түркімен қызметіне.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, шенеуніктер мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігіне байланысты қабылданып отыр деген.

«Шетелге шықпақ болған менің 27 жасымдағы танысымды облыстық миграция қызметі шақырып алып, оның жол билетін тартып алды. Оған Ашхабадтан жасы отызға толмағандарды шетелге жібермей туралы бұйрық келгенін айтқан», - дейді дереккөз.

Оның сөзінше, танысына билеттің құнын өтеп берген.

Соңғы айларда азаматтардың Түркияға шығуы қиындап кеткен. Сонымен бірге шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтар мен оқып жүрген студенттерді елге қайтару мәселесі қазір қолға алынған көрінеді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер