"Облыс орталығын көшіру туралы идеяны өз басым қолдаймын. Себебі көп. Ең алдымен бұның бәрі де инвестициялар. Оңтүстік аймақ кейбір аймақтардан байлық пен бақуат тұрғысынан он есе төмен көрсеткіш көрсетіп жатыр. Жоғарыдан төменге өте, жалақы, тапсырыс арқылы қарапайым халыққа түсер табыс. Және де жұмыс орны. Бір көрменің құрылысы үш-төрт жылға 50-60 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті. Жаңа облыс орталығын құру кемі 20-30 мың жұмыс орнын береді. Бұл адамдарға жалақы, құрылыс-сервис компанияларына жаңа тапсырыс. Әрине, шенділерге де жем болатын тендерлер.
Өкінішке орай елде осыншама жұмыс орнын мемлекетсіз құратын жоба жоқтың қасы. Осындай жобалар арқылы дамып отырамыз. Оңтүстік аймағына кемі бір жаңа әуежай, сити-орталық, тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салынса Шымкенттің де жүгі жеңілдейді.
Бұл Түркістан қаласының шынайы рухани астанаға айналу мүмкіндігі. Қаланың барша жоспарын, баспланын қайта қарау керек. Бүгінгі қарқыны, даму үрдісі мүлдем жаңа қырынан жасалуы шарт. Қалаға алдымен міндетті түрде көшетін жүздеген қазақ отбасы, өскен-дамыған сайын арман қуған мыңдаған жастар тартыла бастайды. Этнобалансы мен әлеуметтік статусы өзгереді деген сөз.
Облыс атауын да өзгерту дегеннің қисыны бар. Сонымен қатар бір шешіммен Семей, БҚО, Павлодарды өзгертсе тіпті қатып кетер еді! Балама нұсқалары бар: Семей - Алаш, Павлодар - Ертіс, БҚО - Ақжайық дегендей. Басқа да атаулары бар.
Егер осы жоба іске асса оған ғаламат қоғамдық бақылау орнату қажет. Әр жобаның ашықтығы, есеп-қисабын ашық жүргізуді қамтамасыз ету шарт" деп атап өтті ол.
Айдос Сарым Оңтүстік Қазақстан орталығын Түркістанға көшіру идеясын қолдайтынын айтты
Белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым фэйсбук парақшасында Шымкент пен Түркістан қалаларының мәртебесін өзгерту турасында өз ойын білдірді, деп хабарлайды silteme.kz AA.