Берік Арын Елбасы Жолдауын түсіндіру үшін Ақтөбе облысына барды
27.02.2018, 15:50

Берік Арын Елбасы Жолдауын түсіндіру үшін Ақтөбе облысына барды

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Ақтөбе облысының тұрғындарымен болған кездесуде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Вице-министр Ақтөбе облысының Мұғалжар және Алға ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне сәйкес келетін Жолдаудың басым бағыты - адами капиталды дамыту екендігіне тоқталып өтті.

«Адами капиталды дамыту аясында тұрғындардың денсаулығын нығайту, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту қажеттілігі маңызды екені айтылды. Біздің қоғам үшін Жолдаудың сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамыту бойынша бөлімі өзекті болып табылады. Мұнда барлық негізгі мамандықтар бойынша заманауи стандарттарды әзірлеу маңызды»- деп атап өтті Берік Арын.

Адами капиталдың алға жылжуына, әрине елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің үлес қосатыны сөзсіз. Осы тұрғыда Берік Арын биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің іргесінде конфессияаралық және этносаралық келісім жатыр - деп атап өткенін тұрғындарға жеткізді. Сондай-ақ министрліктің атқарып отырған қызметіне тоқталып, дін саласында әзірленіп жатқан жаңа заң жобасы қоғам арасында барынша түсіндіріліп жатқандығы туралы баяндады.

«Бұл жоба көптеген түрлі диалогтік алаңдарда сарапшылардың, діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің, теологтардың, бұқаралық ақпарат құралдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен талқыланды. Республика бойынша өңірлерде 2000-нан астам кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырылды. Осылайша мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық моделінің қалыптасуы барысында жан-жақты сындарлы серіктестік орнығуда»- деді Берік Арын.

Өткен жылы Министрлік ҚМДБ-мен бірлесіп, «Уақып» қайырымдылық қорын құрған болатын. Қор шалғай аудандарда тұратын, материалдық жағынан мұқтаж 300-ден астам дін қызметкеріне көмек көрсетті. Сондай-ақ, жоба бойынша Ақтөбе облысындағы 24 имамға степендия берілуде. «Уақып» қоры арқылы Ақтөбе облыстық орталық мешітіне көлік алып берілді және Ақтөбе қаласында халықтың әлеуметтік осал тобына арналған 4 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары аясында вице-министр Берік Арын облыстың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. Атап айтқанда Бестамақ кентіндегі діни бағытта білім беретін «Ақтөбе медресе» колледжіне, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрына барды. Өңір имамдарымен кездесті. Сондай-ақ вице-министрге облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының және «облыстағы діни ахуал картасы» ақпараттық жүйесінің жұмысы таныстырылды.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер