2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөннідегі Ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ-дың деректер базасында тіркелу әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған конкурсқа және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі әлеуметтік жобаларға қатысу үшін қойылатын міндетті талапқа жатады.
Бұдан басқа, Қазақстанда гранттар мен сыйлықақыларды тағайындау арқылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың жаңа формалары қолданысқа енгізілген.
Атап айтқанда, 2018 жылы гранттық қаржыландыру аясында жалпы сомасы 950 млн. теңгені құрайтын 87 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алайда, ҮЕҰ деректер базасында өз қызметі туралы ақпарат ұсынбаған ұйымдар конкурстық рәсімдерге қатыса алмайды.
Осы орайда, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитеті үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын 31 наурызына дейін infonpo.kz. ақпараттық ресурсы арқылы өз қызметтері туралы қорытынды есептерін тапсыруды сұрайды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасына ақпарат ұсынбау, кешіктіру, сондай-ақ жалған немесе шынайы емес ақпарат беру деректері тіркелген жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.