«АҚШ-тың виза саясаты негізінен көптеген агенттіктерге, атап айтқанда ел Үкіметіне, Мемлекеттік департаментке қатысты. Біз қазақстандықтардың Америкаға келуін жеңілдетуді қалаймыз. Қазіргі уақытта визаны 10 жылға береміз. Бұрын 5 жыл болатын. Мұнан ары қалай кеңейте алатындығымызды қарастырамыз. АҚШ пен Қаззақстан аарсында визасыз режім қашан орнайтындығын дөп басып айта алмаймын. Дегенмен, оның болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармаймын. Қазіргі уақытта біз оны біртіндеп кеңейтудеміз», - деді Джордж Крол.
Айта кетейік, қаңтар айының 17-сінде Ақ үйде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан америкалықтарға визасыз режім енгізгенін, енді мұндай қарымта қадамды АҚШ тарапынан күтетінін баса айтқан еді.