Айта кеткен жөн, кеше қаладағы дүкендердің бірінде зат сақтау камерасында жарылғыш зат іске қосылған болатын. Қаза тапқандар жоқ. Алайда 13 адам жараланған. Алтауы әлі ауруханада жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
«Жалпыға қауіпті тәсілмен бірнеше кісіні өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жарылғыш затты қойып кеткен ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір оны іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.