Ол басылым өкілінің «Кейбіреулер осы күнді оңай ғана келе салғандай сезінетін сияқты. Біз, бүгінгі ұрпақ тәуелсіздіктің қадіріне жетіп жүрміз бе?» деген сауалына:
«Тәуелсіздік жолында ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тер төкті. Елін, жерін қорғау үшін жанын да, қанын да аямады. Кеңестер Одағы кезінде тілімізден, ділімізден, дінімізден айырылып қалуға шақ қалдық. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ жастарының Тәуелсіздікке ұмтылған бір көрінісі. Бұл – жылдар бойы жиналған іштей наразылықтың белгісі. Өрімдей жастарымыз желтоқсанның ақ қар, көк мұзында кеуделерін оққа тосты, қыршынынан қиылды. Бүгінгі ұрпақ соны жете түсінуі тиіс. Елімізде бейбітшілік, татулық, бірлік болуы керек, біз сонда ғана діттеген ұлы мақсаттарымызға қол жеткіземіз» деп жауап берді.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – қазақ жастарының Тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі - Ә.Нысанбаев
Елімізде бейбітшілік, татулық, бірлік болуы керек...
Философия ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Әбдімәлік Нысанбаев «Айқын» газетіне берген сұхбатында еліміздің Желтоқсан оқиғасының мәні мен маңызына тоқталды, деп хабарлайды silteme.kz.