Игорь Иванович Рогов ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды.
Қайрат Әбдіразақұлы Мәми ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Жақып Қажманұлы Асанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Бас прокуроры қызметінен босатылды.
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды, ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.
Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Марат Ғанұлы Демеуов ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Жанат Қуанышұлы Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.