«Асқар Исабекұлы бұл құрметке әбден лайық азамат. Сіз Оңтүстік Қазақстан облысын алты жарым жылдай абыроймен басқардыңыз. Сол жылдары өңірдің экономикалық – әлеуметтік ахуалы жақсарып, барлық салаларда тындырымды жұмыстар атқарылды. Тәжірибеңіз бен біліміңізді сарқа жұмсаған ерен еңбегіңізді Елбасы ескеріп, жаңа қызметке тағайындады. Мемлекетіміздің дамуы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін!», - деді облыс басшысы.
Өз кезегінде сөз алған Асқар Исабекұлы облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған облыс активіне алғысын білдіріп, Елбасы тапсырған тапсырмалардың тыңғылықты орындалуына жұмыла күш салуға шақырды.
Асқар Мырзахметов - Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде тақты, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.