2018 жылдағы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингісінде 779-шы орынды Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева алды. Осылайша олар Қазақстандағы ең бай адамдар деп танылды. Былтыр отбасылы жұп 973-ші орында болған. Әрқайсысының қаржы қоры 1,1 миллиарда долларға артып, 2018 жылы 3,2 миллиарда долларға жетті.
Владимир Ким 3,1 миллиард доллармен 776-шы орынға тұрақтады. Ол бір жылда бір миллиард долларға байыған. Миллиардер былтыр Тимур мен Динара Құлыбаевтармен 973-ші орынды бөліскен.
924-ші орынға 2,6 миллиард доллармен Болат Өтемұратов жайғасты. 2017 жылы бизнесмен 2,3 миллиард доллармен 896-шы орында болған.
Қазақстандықтардың арасында көшбасшы бестікті 2,3 миллиард доллармен Алиджан Ибрагимов тәмамдайды. Былтыр кәсіпкер 1,9 миллиард доллармен 1098-ші орында болған.
Былтыр Қазақстандағы миллиардерлер 3,9 миллиард долларға байыды. 2016 жылы қазақстандық кәсіпкерлер 1,5 миллиард доллар жоғалтқан болатын.