Әлемде ең аз және ең көп жалақы алатын мемлекет басшылары кімдер
09.02.2018, 11:03

Әлемде ең аз және ең көп жалақы алатын мемлекет басшылары кімдер

Әлемде ең аз және ең көп жалақы алатын мемлекет басшылары кімдер baq.kz

Әр мемлекетті басқарып отырған басшылары қызметіне байланысты міндетті түрде еңбекақы алады. Дегенмен ел көшбашсысына төленетін ақшадан бас тартқан президенттер бар. Ал кейбір лидерлердің ойынша миллиондап жалақы алу таң қаларлық нәрсе емес. Осы орайда AdMe.ru әртүрлі ел басшыларының қандай жалақы алатынын жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Дональд Трамп, АҚШ президенті

Жылына $ 1

Дональд Трамп президент алатын жалақыдан бас тартып, жылына 400 мың АҚШ долларын алудың орнына $ 1 ғана алатынын мәлімдеді. Қазіргі президенттің байлығы 3 млрд АҚШ долларын құрайды, сол себепті ол жалақысыз да президенттің жұмысын істей береді.

Бұған дейін Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де еңбекақысыз жұмыс істеген.

 

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының президенті

Жылына $ 20 500

Си Цзиньпин жылына $ 20 593 алады (айына $ 1 716, күніне $ 56). 2015 жылы оның айлығы 62 %-ға өсті. Президент және оның әйелі, қызы бизнеспен айналыспайды. Дегенмен оның жақын туыстарының ахуалы 376 млн АҚШ долларына бағаланды.

Қытайда ең төменгі еңбекақы айына $ 150–300 және бұл әрбір провинцияға байланысты.

 

Саули Ниинистё, Финляндия президенті

Жылына $ 146 700

Екінші рет сайланған әлемдегі табысты президенттердің бірі жылына $ 146 700 алады (айына $ 12 225, күніне $ 402).

Финляндияда ең төмен еңбекақы мөлшерін мемлекет белгілемейді, дегенмен шамамен 2 000 АҚШ долларын құрайды.

 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті

Жылына $ 151 000

Владимир Путиннің бір жылда алатын жалақысының сомасы $ 151 032 (айына $ 12 586, күніне $ 414).

Ресейде ең төменгі еңбекақы - 140 доллар.

 

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі

Жылына $ 198 500

Елді мықтап уысында ұстап отырған «темір леди» Тереза Мэй жылына $ 198 509 еңбекақы алады (айына $ 16 542, күніне $ 544).

Британияда ең төменгі еңбекақы $ 1 569-ға тең.

 

Эмманюэль Макрон, Франция президенті

Жылына $ 211 500

Франция тарихындағы ең жас президент Эмманюэль Макрон жылына 211 530 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады ($ 17 628 айына, $ 580 күніне). Макрон саясаткер болмас бұрын банк саласындағы карьерасы жақсы болды. Осы үшін де оның «қаржы Моцарты» деген лақап аты бар.

Францияда ең төменгі айлық $ 1 758.

Джимми Моралес, Гватемала президенті

Жылына $ 232 000

Бұрынғы комедия актері, бүгінде Гватемала президенті Джимми Моралес Латын Америкасы елдеріндегі ең көп жалақы алатын мемлекет басшысы. Оның жалақысы жылына $ 231 мың-ға тең (айына $ 19 300, күніне $ 634). Ол қызметіне кіріскен кезде сайлау алдында "табысымның жартысын қайырымдылыққа беремін" деген уәдесін орындады. Алғашқы айлығының 60 %-ын көмекке мұқтаж жандарға аударды.

Гватемаладағы ең төменгі еңбекақы - $ 200.

 

Ангела Меркель, ГФР канцлері

Жылына $ 263 000

Ангела Меркель жылына $ 263мың көлемінде еңбекақы алады (айына $ 22 000, күніне $ 720). Қызметтік пәтерден бас тартқан ол Берлиннің орталығындағы кәдімгі 5 қабаттық үйде күйеуімен бірге тұрады.

Германиядағы ең төменгі еңбекақы $ 1 780-ға тең.

 

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі

Жылына $ 267 000

Канада премьер-министрінің бір жылда алатын жалақысы $ 267 415 құрайды (айына $ 22 285, күніне $ 733).

Канадада ең төменгі еңбекақы провинцияларға қарай төленеді, дегенмен орташа есеппен алғанда $ 1 400.

 

Петр Порошенко, Украина президенті

Жылына $ 336 000

Украина президенті жылына $ 336 мың еңбекақы алады (айына $ 28 мың, күніне $ 921). Forbes-тің Украинадағы бай адамдар рейтингісінде Петр Порошенко 6-орында тұр, байлығы $ 1,3 млрд-қа тең.

Украинада ең төменгі еңбекақы $ 133-ды құрайды.

 

Малкольм Тернбулл, Австралия премьер-министрі

Жылына $ 403 700

Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл жылына $ 403 745 айлық алады ($ 33 645 айына, $ 1 106 күніне). Ол бұрынғы банкир, кәсіпкер, мультимиллионер болса да Дональд Трамп секілді айлықтан бас тартуды ойламады.

Австралиядағы ең төменгі еңбекақы $ 1 900-ға тең.

 

Дорис Лойтхард, Швейцария президенті

Жылына $ 437 000

Швейцарияда президент лауазымына жыл сайын министрлердің біреуі сайланады. Екінші рет президенттік орында отырған Дорис Лойтхард басқа министрлермен бірдей жылына $ 437 мың еңбекақы алады.

Швейцарияда ең төменгі еңбекақы заңмен бекітілмеген, тек Невшатель кантонында сағатына $ 20-ға тең.

 

Ли Сяньлун, Сингапур премьер-министрі

Жылына $ 2,2 млн

Ли Сяньлун ел экономикасын қарыштап дамытқан әкесі Ли Куан Ю-дан кейін премьер-министр лауазымына отырып, оның саясатын жалғастырып келеді. Ол әлемдік лидерлердің ішінде ең көп жалақы алады. Еңбекақысының көлемі жылына $ 2,2 миллионға тең ($ 147 мың айына, $ 7 350 күніне). Премьер-министр мұны әділетті, шындыққа негізделген баға деп санайды.
Сингапурда ең төменгі жалақы заң бойынша белгіленбеген, дегенмен ресми емес дереккөз айына $ 1 000 деп көрсетеді.

 

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер