Қазақстандағы ең танымал 10 әйелдің тізімі жарияланды
23.01.2018, 16:56

Қазақстандағы ең танымал 10 әйелдің тізімі жарияланды

Қазақстандағы ең танымал 10 әйелдің тізімі жарияланды Baistars.kz

Отандық қолсағат шығаратын "Tumar Kazakhstan" бренді 2017 жылдың табысты, танымал 10 әйелінің тізімін жариялады, деп Today.kz порталына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Ондықты анықтауға әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы қазақстандықтар да қатысқан. Былтыр толағай табысқа жеткен үздік ондық мыналар: 

- Мәдина Сәдуақасова

- Айдана Меденова

- Баян Мақсатқызы

- Ерке Есмахан

- Аша Матай

- Әсел Садуақасова

- Салтанат Бақаева

- Кәмшат Жолдыбаева

- Ләйлә Сұлтанқызы

Ондықтың былтыр атқарған жұмыстарына көз жүгіртіп көрейік. Былтыр жыл соңында Мәдина Садуақасова "Құрмет" орденімен марапатталды. Баян Мақсатқызы арты дауға айналған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалын түсірді, "Баян" кітабының тұсауын кесіп, еліміздің бірнеше қаласында таныстырылымын өткізді. Ерке Есмахан бір жылда екі хит ән жазып, "Қайда?"  әніне түсірілген бейнебаян 52 миллион қаралым жинады. Айдана Меденова бейнебаян түсіріп, 2016 жылы ашқан кәсібін жалғастырды. Аша Матай мен Кәмшат Жолдыбаева республикалық арналардағы ауқымды жобалардың тізгінін ұстады. Әсел Садуақасова үшін 2017 жыл расымен табысты болған секілді. Актриса былтыр 3 фильмнің, 1 сериалдың басты рөлін сомдап, продюсерлік етті. Ләйлә Сұлтанқызы, Аиша мен Салтанат Бақаеваның шығармашылығында өткен жылы айтарлық өзгеріс болмаса да ондықтың құрамында болуға лайық деп тауыпты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер