«Күнде Күнде». Түсіндірмесем де, бейнебаянның мағынасын түсінерсіз. Армандайсың ба? Ендеше, арманыңа берік бол да, соның орындалуына барыңды салып әрекеттен. Өйткені, міндетті түрде ақталады. «Күнде Күнде» атты жаңа туындымды ұсынамын», – деп бөлісті Бүркіт.
Клиті 1 күн ішінде 11 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген. Көпшілік жаңа туындыға жағымды пікір қалдырып жатыр.
«Стиліңіз жарасады өзіңізге. Осындай мағынасы бар клиптерді көбірек түсіре беріңіз! Тек қана алға, тоқтаманыз!», «Керемет түсіріпті. Балаларын тастап жүрген әкелерге сабақ болады екен», – деп жазды тыңдармандары.
Дереккөз: sn.kz