Желіде Кемероводағы өртке қатысты болуы мүмкін деген жігіттің видеосы таралып кетті (ВИДЕО)
28.03.2018, 13:07

Желіде Кемероводағы өртке қатысты болуы мүмкін деген жігіттің видеосы таралып кетті (ВИДЕО)

Желіде Кемероводағы өртке қатысты болуы мүмкін деген жігіттің видеосы таралып кетті (ВИДЕО) sn.kz

Желі қолданушылары Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен кейін пайда болған видеоны талқылап жатыр. Видеода қара түсті киім киген жігіттің өрт басталмай тұрып батутқа бір зат қойып жатқаны түсірілген деп жазады anews.com.

"Мына жігітке назар аударыңыздаршы - батутқа жақындап, сөмкесінен бірдеңе шығарып жатыр", - делінген Желіде таралып жатқан видеоның сипаттамаларында.

Кейінірек видеоға түсіп қалған жігіт мәлімдеме жасады. Оның есімі Станислав Соболев екені белгілі болды. Ер адам бұл жағдай туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Желіде "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт басталмай тұрып, 5 минут бұрын қара сөмкемен жүрген жігіт түсірілген видео таралып жатыр. Иә, видеодағы жігіт мен. Бірақ мен өрт салушы емеспін. Мен сол сауда орталығының қызметкерімін, сол күні жаттығуға бару үшін сөмкемен келе салғанмын. Батут жаққа достарыммен амандасу үшін кіріп шықтым. Осы іске қатысым бар деген күдіктеріңіз болса, маған жазыңыздар, өтінемін. Өрт кезінде мен де әріптестерім сияқты балаларды құтқарып қалу үшін көмектестім", - деп жазды Станислав Соболев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дегенмен Желі қолданушыларының ашуы мұнымен басылмады.

"Адамдар, өтінемін, осымен тоқтаңыздар! Қолымнан келгенше көмектестім, өрт салған жоқпын. Өрт салушы емеспін!" , - деп жауап беріп жатыр жігіт қалдырылған пікірлерге.

Бірақ жігітті қолдағандар да болды. Видеоның толық нұсқасында жігіттің балалар орталығының қызметкерлерімен амандасып, шығып кеткені көрінеді. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

sn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер