Дұрыс жөнделмеген эскалатор кесірінен бір жолаушы өліп қала жаздады. Бұл жағдай 27 ақпан күні болған, бірақ ол жағдай туралы бейнеролик бұқаралық ақпарат құралдарында бір айдан кейін ғана жарияланды. Ол жерде адамдардың жұмыс істеп тұрмаған эскалатормен төменге қарай түсіп бара жатқаны және оның кенеттен жұмыс істеп кеткені көрсетілген. Жолаушылар құлап, олардың бірі бірнеше сатыға төмен түсіп кетеді. Ер адам тепе-теңдікті ұстауға тырысқанымен, механизмнің ішіне кіріп кетті. Зардап шегушіні жоғарыға шығарып алу үшін бір сағат уақыт кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Дереккөз: КТК