«Қалаларымыз мегополиске айналып үлкейіп жатқаны бәрімізге мәлім. Жол бойындағы көліктердің көбеюі, ең алдымен табиғатымызға зиянын тигізіп, қалладағы жол қауіпсіздігіне үлкен әсерін тигізіп жатыр. Осындай т.б. көптеген мәселелерді қарастыра отырып, бірнеше шәкірттеріммен «Аспалы жол» инновациялық жобамызды ұсынып отырмыз. Аспалы жолдың негізгі мақсаты, жол бойындағы кептелісті жою, жоғарғы қауіпсіздікті қамтамассыздандырып, табиғатымызды сақтау болып табылады. Аспа жол электр энергиясымен қозғалатын, экологияғы зиян тигізбейтін, күн энергиясыменде қозғалыста болатын жаңа заман талабына сай көлік болып табылады. Негізгі бағыттағы алғашқы жолдары, қала мен қалаға жақын бағыттағы аймақтармен байланыстыру жоспары алынып отыр. Екінші бағыттағы қадамымыз, мегополиске айналып жатқан, жаңа сұлу қаламыздың жаңа бас жоспарына арналып жасалған» деп өз жобасының мақсаты мен міндеттерін атап өтті ақсақал.
Оның айтуынша, «Аспалы жол» күн энергиясымен козғалыста болады. Әр қабатындағы жол бағыты екі түрлі жылдамдықта қозғалады. Бірінші қабаты стандартты жол жүру бағыты болса, екінші қабаты экспрес жылдам қозғалыс бағыты. Күн энергиясын алатын модульдерге күннің сәулесі түспей қалған жағдайда, бұлтты, жауын шашынды күндері, аспа жолдың қозғалысын энергия сақтағыш құрылғылардың күшімен 1 апта бойы қозғалысты тоқтатпай қамтамассыз ете алады. Бұл жағдайдан да ерекше жағдай туғанда, апаттық стационарлық трансформатор арқылы жұмыс жасайды. Жалпы айтқанда жол жүру бағыты тоқтаусыз болады.
«Мұның көлік қозғалысына ешқандай кедергісі жоқ. Қала тұрғындары автобустарды пайдаланбайды, көлік саны азайып, экологияға қатты зиянын тигізетін көліктер саны азаяды. Кептелістер болмайды. Үлкен жүк көліктеріне еш кедергісін тигізбейді, себебі аспа жол 6 м биіктікте орналасқан» деп түсіндірді өнертапқыш.
Сонымен, Б.Әйменов жобасының техникалық сипаты келесідей:
Аспа жолдың аралық ұстын тіреулері бірнеше құрастырмалы бөлшектерден жасалынған, типтік үлгіде сериямен шығатын темірбетон ұстындар. Оны құрастырып жинау өте оңай, сондықтан құрылыс жүргізу уақыты жылдам жүйеде жасалынады.
Көше бойын жарықтандыру аспа жол жобасында елеулі орын алады. Қазіргі таңдағы көше бойындағы орналасқан жарық шамдар ұстындарға орналасқан. Оның жанынан элект желілері, телефон желілері, газ желілері жол бойында өз алдына бөлек ұстындармен орналасқан. Біршама жердің ауданын алып көше бойларын тығыздап жатыр. Қаншама сметалық шығын. Қатты жел тұрғанда, жауын шашынның қатты болған әсерінен немесе басқада еріксіз болатын жағдайлардың әсерінен көше бойындағы қауіпсіздік жағдайлары қиындық туғыздырады. Қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Осы жағдайларды ескере отырып, жоғарыда аталып өткен қауіпсіздік жұмыстарды атқара отырып, барлық мәселені аспа жол арқылы шешімін табуға ыңғайлы жағдай туады. Себебі барлық элект желілері аспа жолдың жоғарғы бөлігі арқылы жүргізіледі, ал ал газ, су, кәріз желілері аспа жолдың бойымен жүргізіледі. Жарық шамдар аспа жолдың жанына орналастырылып, көше бойында орналасқан қаншама сметалық құны бар ұстындарды алып тастап, көше бойын 2 жағынан бір-бір метрге кеңейтіп, қосымша тағы 2 метр жол ұтамыз.
Айта кетейік, ақсақалдың жоспарлары бұл ғана емес, «Дөңгелек үй» және «Болашақтың ауылы» деген де жобалары бар екен. Оларды қазір жүзеге асыру жолында еңбектеніп жүр.
Жоба схемалары: