Клип атауы "Найдал". Яғни, қазақша "үміт" дегенді білдіреді. Бурят тілінде. Дегенмен, ол: «Моя Бурятия слезою горькой плачет, ее отважные и сильные сыны совсем не уважают старших. Одними матерями взращены, мы предков наших помнить перестали. Забыли тех, кто славил наш народ. Когда-то были вместе крепче стали, сейчас не знаем, что нас понесет вперед» деген сөздермен басталады.
Клип желісінде жазық далада кетіп бара жатқан жастарды тоқтатып, бабалар жолына қайтармақ болған егде кісінің ұмтылысы көрсетілген. Алайда, менмен жастар оны сабап тастайды. Ақыр аяғында кішкентай қыз келіп үміт отын жаққандай әсер қалдырады.