Пародия түрінде шыққан әнге пародия жасаушылар легінің қаптап кеткені белгілі. Алайда, олардың бәрі бастапқы нұсқасындағы "шымкенттің қыздары" сөзін ұстанған еді. Бұл жолғы биттің ерекшелігі солтүстіктің қыздарына арналғандығымен ерекшеленді. "Toi-Зын Зын (Полная версия by Omek&Rus)" деп аталатын туындының мазмұнына қарағанда әлдеқандай керекулік жас жұбайлар - "Әлішер мен Мадинаның тойына" арнап шығарған секілді. Бір әулеттің қатысуымен жасалған трек, әзірлеушілердің жазуынша, смартфон мен фотоаппараттың күшімен түсірілген.
Осылайша, Jokeasses вайнерлері дем берген кәсіпқой емес адамдар әзірлеген қалжың ән вирус ретінде жаңа кеңістіктерді бағындыру үстінде. Қазірдің өзінде оның ТМД аумағын, сондай-ақ, алыс шетелдерді қамтып үлгергені жөнінде хабарлар бар. Қазіргі таңдағы қаралымы 9 миллионға жуықтап үлгерді. Музыка мамандары оның 10 миллиондық межені бағындырысымен PSY жолын қууы әбден мүмкін дегенді айтып қалды. Ал әзірше керекулік ағайындардың қолтумасын тамашалайық.