Показать содержимое по тегу: ауыз су
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы үш елді мекенге таза ауыз су келді. Жылдар бойына шешімін таппаған өзекті мәселеге республикалық және облыстық бюджеттен 525,2 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, тау етегінен магистралды суаққы құрылысы салынды. Осының нәтижесінде Теректі, Қаратас, Боралдай елді мекендегі 1684 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.
Лондондағы Skipping Rocks Lab компаниясы тамшыға ұқсайтын, жейтін бөтелкелер өндірісін іске қоспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерекше капсулалар «Ooho» деп аталады. Бұл ауыз су мәселесін шешу үшін қолға алынған. Бір жылдың ішінде сатылымға шығарылмақ.
Өндірушілер кальций хлориді мен натрий альгинатынан жасалған гель тәрізді қапшықты қолданады. Ішіне су құю үшін суды мұздатып, мұзды гельді қабыршақпен екі рет орайды.
Жоба авторлары Ooho-ны үйде де жасауға болатынын айтады. Қатырылатын мұздың да мөлшерін өзіңіздің таңдауыңызға болады. Су емес, тіпті шырын ды да осылай қатыруға болады дейді олар.
Бұл материал пластиктен арзан.