Показать содержимое по тегу: аудан тұрғындары
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы үш елді мекенге таза ауыз су келді. Жылдар бойына шешімін таппаған өзекті мәселеге республикалық және облыстық бюджеттен 525,2 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, тау етегінен магистралды суаққы құрылысы салынды. Осының нәтижесінде Теректі, Қаратас, Боралдай елді мекендегі 1684 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап silteme.kz АА.