Павлодар облысының билігі Ақсуда тұрғын үй тұрғызумен бір ғана құрылыс салушының айналысқанын қалайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Кеншілер қаласында белсенді жеке тұрғын үй құрылысы, атап айтқанда су, жылу және жарық тартылған 465 учаскеде басталуы тиіс», - деп хабарлады бүгін Павлодар облысының әкімдігінде.
Қазір әкімдікте осы учаске иелерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Билік үйлерді тұрғызумен бір салушының айналысқанын қалайды. «Павлодар үй құрылысы комбинаты (ҮҚК) бір типтік үйді тұрғызды, оны таныстыруға дайын, - деп атап өтті облыс әкімдігінде.
- Егер адамдарға осы жоба ұнаса, ҮҚК өкілдері бір аптаның ішінде үй салуға дайын. Кейін онда бірінші әрлеу жасауға болады».