Сарыағашта биыл 600-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды
31.03.2018, 12:26

Сарыағашта биыл 600-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 13 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 585 отбасы баспаналы болмақ. Осы жұмыстарға деп қазынадан 5 млрд. 278 млн. теңге қаржы бөлінген деп хабарлайды silteme.kz AA.

Жаңа пәтерлер негізінен әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға үлестіріледі. Олардың қатарына мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар және жаңадан отау құрған жастар кіреді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен «Ынтымақ Бес-арыс» ЖШС, «Олжа» ЖШС, «Аркуа групп» ЖШС, «Дәулет» ЖШС, ТСК-Рабат ЖШС, Балта-сапар ЖШС айналысады.

Айта кетейік, демографиялық өсу қарқыны жоғары ауданда соңғы 40 жылда мұндай көлемде баспана салынбаған.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданында да жалпы сомасы 2415,9 млн. теңгеге көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның  1863,5 млн. теңгесі облыстық, қалғаны республикалық қазынадан бөлінген. Жоспар бойынша нысандардың құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады. Нәтижесінде 256 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Қазіргі таңда аудандағы тұрғын үй кезегіне 1482 азамат тұр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер