Парижде 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандық іздестірілуде
23.12.2017, 10:19

Парижде 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандық іздестірілуде

Қаржы министрлігі Парижден 65 млн еуроға пәтер сатыр алған қазақстандықты іздестіріп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жолдадық. Сауалда пәтерді қай елдің азаматы қанша ақшаға сатып алғанын сұрадық. Бізге берілетін деректер негізінде оны (жауапкершілікке - ред.) тарту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бәлкім өз декларациясын көрсеткен де шығар. Мыңдаған қазақстандықтың шетелде өте үлкен сомада қаражаты бар, бірақ олар бұл соманы ресми жариялаған», - деді Теңгебаев.

Комитет төрағасының айтуынша, халықаралық сауал елшілік пен сыртқы істер министрліктері арқылы жолданады және біршама уақытты талап етеді. Теңгебаев мәліметті алған сәтте журналистерге хабарлауға уәде берді.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ Қазақстан азаматының Парижде аумағы 1200 шаршы метр болатын пәтерді 65 млн еуроға сатып алғанын хабарлаған еді. Пәтер иесінің аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер