Бұл туралы Алматыда Ұлттық инженерлік академияның 25 жылдығына арналған конференцияда Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді.
Осы уақыт аралығында түсті металдар бойынша 15, мұнай-газ саласында 27 жаңа кен орны мемлекеттік қорға алынған. Комитет төрағасының айтуынша, кейінгі 5 жылда барланған мұнай қоры 318 миллион тоннаға, ал газ қоры 175 миллиард текше метрге ұлғайған. Сондай-ақ Қазақстан алдағы уақытта әлемдік электромобиль өндірісін литиймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қазір аталған элементті жер қойнауынан алуға инвесторлар іздестіріліп жатыр. Базарбай Нұрабаев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы: - Мемлекеттік қорда тұрған, ары қарай зерттеуді талап ететін 6 кен орны тұр бізде. Жапон мемлекеті қызығушылық танытып жатыр. Немістер қызуғышылық танытып жатыр. Жақсы технологиясы болатын болса, сол кен орындарын ары қарай дамытуды ойлап отырмыз.