Журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы басталды
26.08.2016, 15:36

Журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы басталды

Журналистер арасында «Самғау» ұлттық байқауы басталды. Бас редакторлар клубы «Халық маркасы» қазақстандық тауар өндірушілерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды baq.kz.

Байқау шарты бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 30 қарашаға дейін отандық өнімді насихаттауға негізделген жұмыстарын жолдайды. Жеті аталым бойынша өтетін байқауда 25 сыйлық табысталады.

Гран-при иегері отандық көлік кілтіне ие болмақ. Жіберілген мақала, сюжеттерді қоғам қайраткерлерінен құралған кеңес қарайды. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Ал байқау қорытындысы желтоқсанда жарияланады.

Римма Тәжібаева, «Халық маркасы» ЗТБ президенті:

- Біздің тұтынушымыз Қазақстанда қандай брендтер бар екенін жалпы білмейді деп айтуымызға болады. Сондықтан да сіздер осы конкурс арқылы қазақстандықтарға қазақстандық брендтердің, өнімдерінің бар екенін және олардың қандай екендерін осы конкурс арқылы жеткізсек деген ойдамыз.

Байқау ережесі қазақша мұнда, орысша мұнда.


 

 


 

 

 

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер