Бүгін Қазақстанның астық өсіретін аймағының бірі – Қостанай облысында жаппай егін жинау науқаны жүруде. Биыл бұл өңірдің 4 215 мың га аумағына астық дақылдары егілген болатын, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазіргі таңда Қостанайдағы дақылды егіс алқаптарының 50 мың га жиналып үлгерді.
Бұған дейін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов тамыз айында ауа райы ыстық болған жағдайда жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында күтіліп отырғанын атап өткен болатын.
Анықтамалық: а.ж. 26 тамызда Республика бойынша 1318 га аумақта егін жиналып, 2446, 9 мың га бастырылды. Орташа өнімділік 18.6 ц/га.