Біз жергілікті әзірленімдерді ілгерілету каналы қызметін атқарудамыз - Евгений Теремов
30.05.2019, 20:21

Біз жергілікті әзірленімдерді ілгерілету каналы қызметін атқарудамыз - Евгений Теремов

SAP NOW Қазақстан форумына арналған баспасөз конференциясында SAP-тың Қазақстан бойынша атқарушы директоры Евгений Теремов осылай деді, деп хабарлайды silteme.kz порталы тілшісі.

«Біз мұнда өзіміздің экожүйеміздің барлық қатысушыларын жинап отырмыз. Неге экожүйе дейміз? Өйткені, бұл жерге біздің клиенттеріміз бен партнерларымыз, инновация іздеген компаниялар мен университеттер, меморгандар өкілдері жиналуда. Бұл жиынның маңызы сол, кәсіпорынға деген жаңа көзқарасты паш етіп, өз идеяларымызбен бөлісу, яғни, инновациялардың қалай жұмыс жасап, қандай тиімділік беріп отырған көрсетуді мақсат тұтып отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ, компания өкілі өз компаниясының қазіргі құрылымы туралы әңгімеледі.

«Біздің қазіргі келбетіміз қандай?! Біз өзімізді инновация бойынша партнер санаймыз. Жеке партнер санаймыз. Біздің экожүйемізде 180-ге жуық компания бар. Біз қазір дәстүрлі партнерлық модельден новаторлық моделге көшудеміз. Бұл дегеніңіз біз осындағы компаниялармен бірге жергілікті әзірленімдер әзірлеп, оларды ілгерілету каналы қызметін атқарудамыз. Екінші жұмыс жасау әдіснамамыз алянстан көрінеді. Онда компаниялармен қатар университеттер бар. Бұл дегеніңіз де потенциаль шыңдау, инновациялық міндеттемені еңсеру», - деп атап өтті Е.Теремов.

 

 

 

ҚТЖ өкілі Шолпан Омарбекова өз компанияларының автоматизация процессіне, басқару процесіне ілкімділік ендіріп жатқанын айтты.

«Қазір біздің компаниямыздың алдында өз мақсатынад сандық технологиялар арқылы қол жеткізу міндеті тұр. Яғни, бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске асырылуда», - деді ҚТЖ өкілі.

 

 

Бұл орайда Nostrum Oil and Gas атқарушы директорының кеңесшісі Франк Катумбела тақырыпқа кеңінен келіп арнайы баяндама жасады.

«Біз Nostrum жұмысын алдыңғы қатарлы практикалар негізінде оптимизациялаудың кәсіпорынымызды ТМД бойынша мұнай мен газ игеру нарығындағы лидерге шығуына көмектеседі деп санаймыз. Процесс іске қосылды. Бүгінгі шара да соның бір рәсімі», - деп түйіндеді Nostrum Oil and Gas атқарушы директорының кеңесшісі.

 

 

 

Айта кетейік, аталған жиынның басты тақырыбы – парасатты немесе саналы бизнес айналасында өрбіді. Негізінен 6 бағыт, 6 залда: клиенттік тәжірибені басқару, персоналды басқару, өндіріс және активтерді басқару, инновациялар мен технологиялар, қаржы, жеткізу тізбектерін басқару тақырыптары талқыға түсіп, шара қонақтары мен қатысушылары өз тілек-қалауларына сәйкес бөлімдердің тыңдаушылары мен көрермендеріне айналды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер