Іс-шараның негізгі мақсаты ықтимал серіктестерді іздеу, екі өңір ынтымақтастығын арттыру және қазақстандық кәсіпорындар мен ықтимал ресейлік сатып алушылардың кәсіби қарым-қатынасын дамыту.
Сауда-экономикалық миссия барысында отандық кәсіпорындардың ұсынысы негізінде қазақстандық мекемелер үшін ықтимал сатып алушыларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Айта кету керек, қазақстандық компаниялар тағам өндірісі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық құрал-жабдық пен химиялық өнімдер саласында өз мүмкіндіктерін ұсынады.
Орны: Санкт-Петербург қаласы, Чайковский көшесі 46-48, Санкт-Петербург сауда-өндірістік палатасы ғимараты, 2 қабат
Анықтама: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы (ҚСП) 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылған және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес компаниясы болып саналады.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының алдына қойылған негізгі міндет – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнес мүддесі тұрғысынан әрекет ету.