Үкіметтің тиісті қаулысына 10 сәуірде қол қойылды.
"Air Astana Алматыдан Делиге күнделікті, ал Астанадан Делиге аптасына үш рет Airbus және Embraer ұшақтарымен рейстер орындайды", - деп атап өтті тасымалдаушының баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Үндістанның астаналарын жалғайтын тікелей рейс 2017 жылдың 2 шілдесінен бастап іске қосылды. Делиден ұшатын транзиттік жолаушыларға Киевте, Ыстамбұлда, Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Омбыда, Новосібірде, Пекинде, Үрімшіде, Тбилиси, Бішкекте, сонымен қатар, Лондонда, Франкфурт пен Парижде тоғысу ұсынылады.
Air Astana мәліметтері бойынша, екі ел арасында әуе қатынасы ашылғалы 570 мыңға жуық жолаушы мен 5,6 мың тоннадан астам жүк тасымалданған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.