Дипломды талап етпейтін жалақысы жоғары мамандықтар
23.02.2018, 14:21

Дипломды талап етпейтін жалақысы жоғары мамандықтар

Дипломды талап етпейтін жалақысы жоғары мамандықтар Карьерист.ру

Дипломы бар маманның барлығы білікті емес, дипломсыз адам табыссыз емес. Елімізде қандай мамандықтар дипломды талап етпей-ақ жоғары айлық алуға мүмкіндік береді?

Слесарь-сантехник

Бұл мамандық арнайы колледждерде оқытылып жатқанымен, жақсы мамандарды жолықтыру өте сирек. Әсіресе, жас мамандарды. Олардың ПИК-тегі (пәтер иелерінің кооперативі) айлығы 50-70 мың теңгенің айналасында. Алайда қосымша табыстары көңіл-көншітерлік. Құбырларды тазарту керек пе? 4-5 мың теңге төлеңіз. Қоспалауыш  (смеситель) қажет пе? 2-3 мың теңгеңізді шығарыңыз. Осыдан кейін-ақ слесарь-сантехниктердің айлығы 100-150 мың теңгеден кем емес екендігін түсінуге болады.

Дәнекерлеуші

Атын ұнатпай жатса да, бұл мамандықтың табысты екенін көбі мойындайды. Егер металл дәнекерлеу қолыңыздан келсе, күніне 4-5 мың теңге көлемінде табыс табуыңызға болады. Тапсырыстарды olx-тен де іздеуге кеңес береміз. Егер дипломы бар әрі біліктілік разряды жоғары маман болсаңыз, 200-300 теңге айлық төлейтін заводтарға қызметке тұра аласыз.

Кафельші

Егер бір рет болсын кафельшінің көмегіне жүгінген болсаңыз, бұл мамандықтың табысты екендігін білетін боларсыз. Жақсы кафельші маман қай уақытта болмасын сұранысқа ие. Олардың көбі құрылыс бригадасында емес, жеке жұмыс істейді. Шаршы метріне алатын ақысы да аз емес. 3 мың теңгеден басталады.

Ағаш ұстасы

Жақсы шебер айына 150 мың теңгеге тұратын жұмыс істей алады. Егер жақсы беделіңіз болса, қарапайым жұмыстардың өзіне осындай еңбекақы алуға болады. Кәсіби біліктілігіңізді арттыру тәжірибе ғана қажет. YouTube пен Google сізге жақсы ұстаз бола алады.

Экскаваторшы

Тәжірибелі экскаваторшыларға 150 мың теңгелік айлық табу оңай емес. Оларға әдетте 200-300 мың теңге төлейді.

Электрик

Электротехникалық жұмыс, электромонтаж, розетка, люстра ауыстыру, ток тарту – ірілі-ұсақты қызметтің барлығы әр үйге қажет. Мұндай қызметке мұқтаж қаншама кәсіпорын, мекемелерді де ескеріңіз. Жұмыс сұранысқа ие. Әрі төленетін ақы да аз емес. Жақсы электриктер айына 150 мың теңгеден табады.

Автомеханик

Егер автомеханиктерге арналған ваканцияларды Интернеттен іздесеңіз, 100-250 мың теңгеге дейін жалақы ұсынатын хабарламаларды көптеп жолықтырасыз. Егер тәжірибеңіз аз болса, жұмысты өзіңіздің гаражыңызда бастаңыз. Әуелі достарыңыздың, таныстарыңыздың көлігін жөндеп, біліктілігіңізді арттырып алыңыз. Уақыт өте келе клиенттер базасын да толықтырып аласыз.

Фотограф, видеограф

Табысты фотограф, видеограф үшін ешқандай дипломның, сертификаттың қажеті жоқ. Той-думанды сүйетін қазақ халқының ортасында олардың жұмысы әрдайым сұранысқа ие. Білікті мамандар бір той түсіріліміне 200 мың теңгеден алады. Роликтер, аз минуттық фильмдерге де осы көлемдегі ақы төленеді. Бір айда қанша тапсырыс қабылдайсыз – өз шамаңыз бен еркіңізде. Дегенмен, сапалы маман болу үшін де жүріп өтетін жол қысқа емес. Тәжірибе мен ізденіс қашан да қажет. Бұл кезекте Сізге интернеттегі видео-сабақтар көмектесе алады.

©baribar.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер